Корпоративтік қызмет көрсету қызметтерін көрсету бойынша Жария оферта
Осы құжат, төменде аталған негіздерде корпоративтік клиенттерді тасымалдау қызметтерін көрсету бойынша Шарт жасасу жөніндегі «AparuExpress» ЖШСнің (бұдан әрі - «Ұйымдастырушының») ұсынысы болып табылады. Шарт, ол осы Жария офертада аталған барлық қажетті әрекеттерді жасаған сәттен бастап Пайдаланушымен жасалған болып саналады, және онда аталған барлық жағдайлармен тұтас келісетінін білдіреді.
Осы Жария офертаның мақсаттары үшін, Тараптар, https://.aparutaxi.kz/legal/Glossary интернет-сервисіндегі Глоссарийде анықталып баяндалған терминдерді пайдаланады. Егер ол осы офертада бас әріптерден басталатын болса, Терминді, Глоссарийге сәйкес түсінген жөн.
Глоссарийге енгізілетін терминдер:
Тапсырысшы - жолаушыларды, жолжүгін тасымалдауға және техниканы жалдауға Тапсырыстарды біріктірумен айналысатын бизнес субъектісі, компания, ұйым.
Сенім білдірілген тұлға - Тапсырысшы атынан әрекет ететін және Қызметтер ақысын төлеуге оның Теңгерімін пайдаланатын, Сервис қызметтеріне қолжеткізу мүмкіндігін алған Тапсырысшының уәкілетті өкілі.
Бағаны есептеу жүйесі – лар бойынша Бағдар бағасы есептелетін Жүйеде бар және көрсетілген ережелер мен алгоритмдер.
Таксометр – белгіленген Траифтер мен әрекеттегі бағаны есептеу Жүйесіне қарай, жолаушылар мен жолжүгін таксимен тасымалдау құнын есептеу үшін көзделген сервис қызметтерінің бөлігі.
Тариф – «АПАРУ» ЖШСмен белгленіп https://aparutaxi.kz/Corporate/TaxiFares мекенжайында тұрақты түрде көпшілікке қолжетімді болатын тасымалдау қызметтері үшін ақы мөлшерлемесінің жүйесі.
«Шарықтау шегіндегі баға» тарифі – тасымалдаушылардың неғұрлым көп санын тарту үшін, ең жоғары бірсәтті жолаушылардың күту уақытын қысқартуға бағытталған Тапсырыс ақысын өсіруді көздейтін арнайы тариф белгіленеді. Сұранысқа қарай сапар ақысы 100%ға дейін өсуі мүмкуін. Аталған тарифті әрекетке еңгізу кезінде тапсырыс жасау сәтінде Тапсырыс ақысының өсуі жөнінде міндетті түрде ескерту жасалады және көтерме ақының мөлшері жария етіледі.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Ұйымдастырушы, тек қаңа АпаруТаксиі Интернет-сервисі (одан әрі –Сервис) арқылы тіркелген Тапсырысқа сәйкес, Тапсырысшының таксомотор көлігімен жолаушылар/қызметшілер тасымалдау, Тапсырысшы мүлкін және/немесе Тауарды тасымалдау, көлік пен техниканы жалдау, сервистің өзге де түрлерін (одан әрі – Қызметті) ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетеді.
1.2. Тапсырысшы, төлемді алдын ала төлеу тәртібімен құралдарды Ұйымдастырушының есеп айырысу банк шотына аудару арқылы Қызметтер ақысын төлейді.
1.3. Осы Шарттың Тараптары, Аккаунт түрімен анықталатын қолжеткізу құқықтарына сәйкес Сервисті Пайдаланушылар болып табылады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2.1. Ұйымдастырушы міндетті:
2.1.1. Қызмет көрсетілген айдан кейінгі келесі айдың 10 (онына) дейін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін ай сайын беруге;
2.1.2. Сервис қызметтері арқылы Тапсырысшының кез келген өтініштері мен кінәрәттәрін 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қарастыруға;
2.1.3. тапсырыстардың тек қана Сервис Орындалушыларымен орындалатынына кепілдік беруге;
2.1.4. Тапсырысты орындаған Сервис Орындаушысы жөніндегі барлық қажетті ақпаратты Тапсырысшыға беруде көмек беруге;
2.1.5. https://aparutaxi.kz/Legal/OfferDriver , https://aparutaxi.kz/Legal/OfferDelivery , https://aparutaxi.kz/Legal/OfferCorpDriver мекенжайларында орналасқан Орындаушылар Офертасы шегінде Орындаушыларға қатысты Тапсырысшы тарапынан түскен кінәрәттарды шешуде көмек беруге.
2.1.6. https://esf.gov.kz:8443 интернет порталы арқылы Тапсырысшыға электронды шот-фактураны орналастыруға.
2.2. Ұйымдастырушы құқылы болады:
2.2.1. егер Тапсырысшының Тапсырысшы Теңгеріміндегі құралдары жеткіліксіз болса, Тапсырысты орындауға қабылдаудан бас тартуға;
2.2.2. қате жөнінде Тапсырысшыны ескертуге және Тапсырыста Тапсырысшы автомобилді беру мекенжайын, көлік құралдарының түрі мен санын қате көрсеткен жағдайда, Тапсырысты қайта тіркеуді ұсынуға;
2.2.3. такси қызметтеріне деген сұраныс жоғары болған сәттерде, сонымен бірге, егер тапсырыс колл-орталығы арқылы рәсімделген болса, колл-орталығы көліктерінің кешіктірілуі жөнінде Тапсырысшыны колл-орталығының құралдары арқылы ескерте отырып, Орындаушыларға Тапсырыстарды тағайындауды қолдануға;
2.2.4. Тариф пен ақыны есептеу Жүйесіне еңгізілген өзгерістер жөнінде Сервис құралдары немесе Call-орталығы арқылы Тапсырысышыға хабарлауға;
2.2.5. Жүйенің жарамсыз болуы немесе оның қате жұмыс істеуі себептеріне байланысты Қызметтер көрсетілуін тоқтата тұруға;
2.2.6. Сервисте көзделгеннен өзге құралдармен, атап айтқанда +7 747 094 02 25 телефоны бойынша Колл-орталығы операторлары арқылы, немесе AparuTaxi қосымшасындағы техникалық қолдау нысаны арқылы берілген өтініштер мен кінәрәттарді қараусыз қалдыруға.
2.3. Тапсырысшы міндетті:
2.3.1. жалпы жағдайларда:
2.3.1.1. Сервис қызметтеріне қолжеткізу мүмкіндігін алу үшін Аккаунт құру арқылы Жүйеде тіркелуге;
2.3.1.2. оларға Тапсырысшы қалауына қарай, Тапсырыс жасауға және оны орындалуын Тапсырысшы аты мен Тапсырысшы құралдары есебінен төлеуге мүмкіндік беретін, Сервис қызметтері қолжетімді болатын Сенім білдірілген тұлғалар тізіміне еңгізуге;
2.3.1.3. Тапсырысты орналастыру кезінде автомобилді беру мекенжайын, бағыт нүктесін, көлік құралдарының түрі мен сапасын және өзге де маңызды ақпаратты Сервисте қатесіз белгілеуге;
2.3.1.4. өзінің Сенім білдірілген тұлғаларын Орындаушыны хабарландыру және көлік құралына отырғызу кезінде, жолаушы Корпоративтік клиенттің Сенім білдірілген тұлғасы болып табылатыны жөнінде ескертуге міндетеу;
2.3.1.5. апсырысшы бас тартқан кезде, Корпоративтік клиенттің Теңгерімінен құралдарды дағдылы шешіп алу арқылы Тапсырыстың ең төменгі құны сомасында Орындаушыға Теңгерімін өтеуге;
2.3.2. Жеткізу бойынша Тапсырыстарды тіркеу кезінде:
2.3.2.1. Орындаушыға Тауарды бүтін және Клиенттің талаптарына сай түрде табыс етуге;
2.3.2.2. Орындаушы мүлкіне зиян келуіне жол бермеу мақсатында Тауарды дұрыс қаптауға;
2.3.2.3. Тапсырыстың тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз етуге және өзінің бизнес-жобасы шегінде Клиентпен және Орындаушымен байланыста болуға;
2.3.2.4. Тауардан Клиент бас тартқан жағдайда, егер Тауар тиісті сапада болса және Тауарды қоймаға тапсыру үшін қаптамасы бүтін болса, орындалған Жеткізу үшін оның құнының екі еселенген ақысын төлеуге.
2.3.3 Ұйымдастырушымен қойылған күннен бастап 5 күнтізбелік күннің ішінде, қағаз бен электронды түрде, ай сайын, орындалған жұмыстар актісіне қолын қоюға. Осы офертамен белгіленген мерзімдерде Тапсырысшы құжатқа қолын қоймаған болса, онда жұмыстар орындалған және Тапсырысшымен қабылданған болып танылады.
2.4. Тапсырысшы құқылы болады:
2.4.1. Сервистегі Аккаунтқа тұрақты қолжеткізу мүмкіндігіне ие болуға, соның ішінде Тапсырыстар бойынша ақпаратқа;
2.4.2. Теңгеріміндегі құралдары жеткілікті болғанда Тапсырысты рәсімдеуге. Құралдарының жеткілікті болуы Теңгерімінде қалған құралдарының сомасы мен рәсімделетін Тапсырыстағы бағдардың есептік құны арасындағы оң айырмасымен анықталады;
2.4.3. Сервисте көзделген құралдар арқылы, атап айтқанда +7 747 094 02 25 телефонымен Колл-орталығының операторлары арқылы, немесе жазбаша AparuTaxi қосымшасындағы техникалық қолдау нысаны арқылы, Тапсырысты тіркеу мен орындауға қатысты кез келген даулы мәселелер, Сервис пен Орындаушы жұмысына қойылатын кінәрәттар, Сервисті пайдалану бойынша мәселелер туындағанда шағымдануға;
2.4.4. тек қана Шарт бұзылған жағдайда, жол жүру ақысына арналған ұсталмаған құралдарын қайтарып алуға.
2.5. Тапсырысшының жауапкершілігі:
2.5.1. Тапсырысшы Аккаунтын пайдалану кезінде Сервисте жасалған барлық әрекеттері үшін;
2.5.2. олар арқылы Аккаунту Заказчика; қолжеткізуге болатын тіркеу мәліметтерінің сақталуы мен құпиялылығы үшін;
2.5.3. оны Сервисте орналастырғаннан кейін Тапсырысты жаңарту әрететтерінің дұрыс болуы үшін;
2.5.4. Тапсырысшы Аккаунтында аталған Сенім білдірілген өкілдері тізімін жаңартылуы мен оның өзекті күйде болуы үшін.
2.6. Тараптардың жауапкершіліктен босатылуы:
2.6.1. егер оның орындалмауы, Шарттың жасалуынан кейін туындаған болса және де ондай мән-жайлар Тараптардың еркінен тыс болып кез келген Тарапқа өзінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкідік бермесе, сонымен бірге уәкілетті органның құжатымен расталған болса дүлей күштің әсер етуі салдарынан (ауа райы-климаттық, мемлекеттік органдардың тиым салатын және шектеу қоятын заңды шешімдері, әскери қимылдар, дүлей апаттар, ереуілдер, жаппай тәртіпсіздіктер, мен дүлей күші бар өзге де мән-жайлар) Шарт бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындаудан.
3. ҚЫЗМЕТТЕР ҚҰНЫМЕН ЕСЕП АЙРЫСУ ТӘРТІБІ
3.1. Тапсырысшымен қызметтер ақысын өтеуі ақшалай құралдарды Ұйымдастырушының есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Құралдар, олар Тапсырысшы Теңгерімінде көрінген сәттен бастап түскен болып саналады, одан кейін Тапсырысшы Тапсырыс жасау мүмкіндігіне ие болады.
3.2. Ұйымдастырушының есеп шотына аударылатын алдын ала төлемнің мөлшерін Тапсырысшы өзі анықтайды.
3.3. Ұйымдастырушы Қызметтерінің құны, жол жүру құнының 25% (жиырма бес) мөлшеріндегі тасымалдауды ұйымдастыру комиссиясынан тұрады, осыдан соң сол сомаға 12% ҚБС қосылады және Тапсырысшының әр сапарынан Ұйымдастырушы шотына аударылады.
3.4. Жеңіл автокөлікті, жүк көлігі құралдарын, эвакуаторды, арнайы техника мен айық жүргізушіні шақыру Қызметтерінің нақтылы құны Таксометр көрсеткіштері негізінде анықталады. Жеткізу бойынша Тапсырыстар құны тіркелген төлем негізінде анықталады. Оның негізінде Тапсырыстар құны есептелетін Тариф, https://aparutaxi.kz/Corporate/TaxiFares мекенжайында Сервистің интернет-парағында тұрақты түрде көпшілікке қолжетімді болады.
3.5. Ұйымдастырушы, жол жүрудің нақтылы құнын есептеу кезінде Сервисте белгіленген жағдайларда жеңіл автокөліккке тапсырыс берілгенде бағаны өсіру коэфициенттері («Ең жоғары бағалар») есепке алынатыны жөнінде ескертеді.
3.6. Тапсырысшы Теңгерімінен құралдадры шешіп алу, Тапсырыс орындалып болғаннана кейін атоматты түрде жасалады.
3.7. Қарыздар туындағанда (Теңгерімнің теріс мәні), Тапсырысшы, оны орын алған сәттен бастап 3(үш) жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті. Әр кешіктірген күні үшін, Ұйымдастырушы, қарыз сомасына шаққанда 0,5% мөлшерінде өсім өндіріп алуға құқылы, бірақта, қарыздың жалпы сомасынан 10%дан асапайтын мөлшерде.
3.8. Тараптардың біреуінің бастамасымен Шарт тоқтатылған жағдайда, Ұйымдастырушы, орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Шартты бұзу сәтінде Теңгерімінде көрсетілген соманы Тапсырысшыға қайтаруға міндеттенеді.
4. ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАП АЛУ ТӘРТІБІ
4.1. Ұйымдастырушы, Тапсырысшыға, ай сайын, Қызмет көрсетілген айдан кейінгі айдың 10 (онынан) ары кешіктірмей орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін береді, қажет болғанда (Тапсырысшының талабы бойынша) орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне орындалған Тапсырыстар тізімдемесін қоса тіркейді.
4.2. Әр нақтылы Тапсырыспен тасымалдауды орындау сапасы, оның құны немесе бағыты бойынша кінәрәттар тасымалдау аяқталғаннан кейін 3 (үш) күнтізбелік күннен ары кешіктірмей қабылданады. Тасымалдаудың аякталу сәті болып Орындаушымен Тапсырысты жабу күні мен уақыты саналады.
4.3. Егер орындалған жұмыстар/қызметттер актісіне қол қойылған кұннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тапсырысшы Ұйымдастырушыға жазабша дәлелденген кінәрәт қоймаған болса, онда Шарт бойынша орындалатын қызметтер Тапсырысшымен келіспеушіліктерсіз және толық көлемде қабылданған болып саналады да, Қызметтер, Ұйымдастырушымен тиісті дәрежеде көрсетілген және Тапсырысшымен толық көлемде (Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінде) қабылданған деп саналады.
5. БАСҚАДАЙ ЖАҒДАЙЛАР
5.1. Осы Шарт осы оферта акцепті сәтінен жасалған болып саналады.
5.2. Даулар туындап, кінәрәттар қойылып қарастырылуы кезінде, Шарттың орындалуы жөніндегі белгілі бір мән-жайларды растау/теріске шығару ретінде Сервистің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер саналатынымен Тараптар келіседі. Осы сияқты даулар немесе келіспеушіліктер бойынша келісімге келе алмағанда, барлық даулар Ұйымдастырушы орналасқан жердегі соттың қарауына беріледі.
5.3. Шартта көзделмеген өзге жағдайларда, Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін, Тараптар, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
5.4. Тараптардың бір де бірі, екінші Тарапатың жазбаша келісімінсіз, осы Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін, Сервис Орындаушыларын қоспағанда, үшінші тұлғаларға табыс етуге құқылы емес.
5.5. Сервис, осы Шарттың жекелеген нүктелерін, Жария офертаның жаңа нұсқасын көрсетіп, Тапсырысшы Аккаунтындағы Офертаны қайтадан қабылдау қажет болатыны жөнінде Тапсырысшыны СМС жіберу арқылы ескерте отырып, біржақты өзгертуге құқылы.
5.6. Тапсырысшы, Сервис қызметтерін пайдалануды тоқтату арқылы осы шарттың жағдайларын орындаудан бас тартуға құқылы.
5.7. Осы Шраттың қандай да бір ережесі және/немесе жағдайы жарамсыз және/немесе заңды күші жойылған деп танылатын болса, бұл, жалпы осы Шарттың өзге ережелері мен жағдайларының жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ: | |
«AparuExpress» ЖШС БСН 180940027366 ҚР, ШҚО, Өскемен қ., Қайсенов к., 123 үй-34. тел.: +7(7232)560-888 info@aparu.kz «Kaspi Bank» АҚ ЖСК KZ06722S000013947752 БСК CASPKZKA КБЕ 17 |